Ұйқыны қорғайтын инновациялық технологиялар
Бірнеше жыл бұрын таңғаларлық болып көрінген нәрсе бүгінде үйреншікті жағдайға айналуда. Технологиялар, инновациялар және олармен байланысты ыңғайлылық пайдаланушыға көптеген артықшылықтар береді. Ұйқының сапасын жақсартқыңыз келеді, бірақ неден бастау керектігін білмейсіз бе? Арнайы мобильді қосымшаны орнатудан бастасаңыз болады. Бағдарламалар циркадалық ырғақты, тамырыңыздың соғуын, ұйқыңыздың тереңдігін бақылайды және көрсеткіштерді тіркейді. Ұйқы талдағышы сізді дәрігерлерге жеткізбей-ақ, дәл, жылдам нәтиже береді. Бағдарламаны смартфонға жүктеп алу жеткілікті.
Ұйқысыздықпен күресу технологиялары
Ұйқысыздық пен ұйқының басқадай бұзылуы жиі кездеседі. Яғни, өзін-өзі диагностикалауға арналған бағдарламалық құралдарға, тиімді емдеу әдістеріне деген қажеттілік артуда. Ұялы телефон белгілі бір қосымшаларды орнатқан жағдайда нақты «қалтадағы дәрігер» бола алатындығын бәрі біле бермейді. Иә, смартфондағы ұйқыны талдағыштың қаншалықты дәл нәтиже беретінін айту қиын, бірақ ол беретін ақпарат пайдалы болуы мүмкін.
Клиникаларда ұйқыны бақылау үшін полисомнография жасалады. Ол көз алмасының қозғалысын бақылауды, энцефалограмма алуды, иек бұлшықеттерінің тырысуын бақылауды және т.б. қамтиды. Смарт-сағаттар биологиялық ырғақтарды, физикалық маркерлерді бақылайды және толық, егжей-тегжейлі есептер береді. Соңғысын талдау адамның жақсы ұйықтағанын, денсаулықтың қандай жайттарына назар аудару қажеттілігін көрсетеді.
Кейбір бағдарламалар деректерді экспорттауға мүмкіндік береді – мысалы, дәрігерге жіберу үшін. Сол бағдарламалар білім береді, ал білім дегеніміз – күш. Сіз есептерді өзіңізді диагностикалау, өзіңізді тыныштандыру, полисомнографияны толықтыру немесе басқа мақсаттар үшін пайдалана аласыз. Ең бастысы, бұл бағдарламалардың таңдауы кең және олардың көпшілігі тегін.
Ұйқыны жақсартуға арналған мобильді қосымшалар
Ұйқыға арналған қосымшалар ұйқысыздықпен күресудің тиімді және қол жетімді технологиялары болып табылады. Солардың ішінде ең танымалдары:
- Sleepo. Тез ұйықтау үшін табиғаттың дыбыстары – жаңбыр дыбысы, құстардың сайрауы, жапырақтардың сыбдыры қарастырылған. Музыканы таңертеңге дейін тыңдамау үшін таймер орнатуға болады. Сонымен қатар, бұл түнгі көмекшіңіз желіге қосылмай жұмыс істей береді.
- Sleep Sounds. Ұйықыға жылдам батыратын қосымша. Ол тыныштық сыйлап, жаман ойлардан, күйзелістен арылуға көмектеседі. Кітапханада отыздан астам түрлі трек бар — таңдаңыз да, пайдаланыңыз.
- Loona. Пайдаланушының жайлы ұйқысын қамтамасыз ететін бағдарлама. Ол мазасыздыққа, стресске қарсы көмектесіп, тыныштандырады. Сіз табиғат дыбыстарынан тұратын аудиофон құрай аласыз — бұл сізге ұйқыға тез батуға көмектеседі. Профиль баптаулары егжей-тегжейлі.
- Ұйқыға баурайтын дыбыстар. Қолданбада баурап алатын әуендердің 10 түрлі санаты бар. Жазба сапасы ерекше жоғары.
- Baby Sleep. Нәрестеңізге немесе одан үлкен балаңызға арналған самал дыбыс. Айтпақшы, самал дыбысты бағаламағаныңыз жөн болмас — ол бөпеңіздің психикасын тыныштандырып, қорғайды.
Ұйқының қарапайым және тиімді технологиялары, міне, осындай. Нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін жүйеліліктің маңызы зор.
Ұйқыны бақылауға арналған сенсорлар мен құрылғылар
Ұйқыны бақылаушы сенсорлық бағдарламалардағы ұйқы датчиктері жеке көрсеткіштерді бақылайды. Есеп нәтижелері бойынша сіз ненің дұрыс емес екенін түсініп, шара қолдана аласыз. Ұйқы трекерлерінің жақсы қолданбалары деп келесілерді атасақ болар:
- Pillow. Apple Watch сағатына кірістіріле алады. Бағдарлама әдетте тегін болып табылғанымен, сатып алуға қолдау көрсетіледі. Есті режим сіз дайын болған кезде оянуға мүмкіндік береді.
- Sleep As Android. Ұйқы барысында дыбыстарды жазып алудың оңтайлы шешімі. Бағдарлама иесін абай, алаңдатпай оятады. Есептегі ұйқы ритмі сұлба түрінде көрсетіледі.
- BetterSleep. Миллиондаған пайдаланушылар жүктеп алған танымал бағдарлама. Бір апта ғана пайдалансаңыз болғаны – ұйқыңыз да тәтті, терең болады. Бағдарлама ұйқыға уақытында жату әдетін қалыптастырады.
- Ұйқы мониторы. Ұйқы циклы Sleep Monitor мониторын пайдалану барысында жазылатын болады. Интерфейс түсінікті және қарапайым. Сонымен қатар бұл қосымша ұйқыдан тәніңіз дайын болған кезде оянуға көмектеседі.
- Sleep Score. Ұйқыға арналған ең жақсы қосымшалардың бірі. Түнгі демалысты дәл бағалауды жүзеге асыратын кірістірілген инновациялық опциялар. Сонымен қатар, скрининг нәтижелері бойынша ұсыныстар алуға болады
- Ұйқы трекері. Бағдарламаны iPhone немесе Android жүйесіне орнатуға болады. Негізгі ерекшелігі – ұйқы барысындағы дыбыстарды жазу. Ұйқының тереңдігін, фазаларын анықтауға арналған сенсорлар бар.
Аталған опциялардың кез-келгенінің тегін нұсқасын жүктей аласыз. Мүмкіндіктер жеткіліксіз болса, олар үшін қосымша төлей аласыз.
Ұйқысыздықпен күресудің дұрыс технологиясын қалай таңдауға болады
Көріп отырғаныңыздай, электроника мен ұйқы бір-бірімен тығыз байланысты. Дегенмен, түсініп алғаныңыз жөн: смартфон қосымшаларын пайдалану дәрігердің кеңесін алмастыра алмайды. Созылмалы ауруларға шалдыққан жағдайда ұйқының бұзылуы тұрақты сипатқа ие және маманның көмегі қажет.
Ұйқыны бақылау үшін смартфонды немесе смарт сағатты пайдалануға болады. Гаджет белгіленген параметрлер жайында есеп береді, ненің дұрыс емес екенін көрсетеді. Қайсысына тоқтасақ екен? Бұның барлығы сіздің қалауыңыз бен мүмкіндіктеріңізге байланысты. Тегін ұйқы қосымшалары функционалдылықты толығымен тегін тексеруге мүмкіндік береді, бұл да бір жағымды жайт.
Пайдалы кеңес. Ұйқтауды жеңілдету және ұйқының сапасын жақсарту үшін өсімдік негізіндегі препараттарды қабылдауға болады. Мысалы, «Персен» жұмсақ тыныштандырып, келесі күні маужыратпайды, жүйке жүйесін сергітеді. Курстық қабылдау жағдайында керемет нәтижелерге қол жеткізетіндігіңізге сенуіңізге болады.
Қорытынды
Смартфонға, смарт-сағаттарға арнайы қосымшаларды орнату тәуліктік ырғақтарды, ұйқы фазаларын бақылауға, босаңсытатын музыканы таңдауға, ыңғайлы және күйзеліссіз оянуға мүмкіндік береді. Көптеген адамдар жоғары технологиялық мүмкіндіктерді ұнатады, тегін қосымшалардың жеткілікті екендігін айтпасақ та болады. Дегенмен, сынап көргеніңіз жөн.