Жүректің саулығы мен күйзелістің арасындағы байланыс
Күйзелістің ағзаға әсері әртүрлі сипатта, ұзақтықта болуы мүмкін, сонымен қатар адамдар оны эмоционалды түрде әр түрлі еңсереді. Қысқа мерзімді, әсіресе жағымды эпизодтар денсаулыққа пайдалы – олар сергітеді, серпілтеді. Ұзақ, күшті күйзелістер созылмалы шаршауға, күштің сарқылуына, гормоналды бұзылуларға әкеледі, жүрек жұмысына теріс әсер етеді. Бірақ, қан қысымының жоғарылауы, кеудедегі ауырсыну, жүрек соғуының бұзылуы сияқты негізгі жанама әсерлері де бар.
Жиі күйзеліс эпизодтары – қан қысымының көтерілуіне, қандағы қант деңгейінің артуына, ақырында, жүрек ауруларының өршу тәуекеліне себепші болады. Темекі шегу, алкоголь қабылдау, шамадан тыс тамақтану сияқты «релаксацияның» зиянды әдістері жағдайды ушықтыра түседі. Не істеу керек, өзіңізге қалай қолдау көрсету керек және жүрек, қан тамырлары ауруларының қалай алдын алуға болады? Әрі қарай осы тақырыпты талқылаймыз.
Күйзелісті төмендетуге арналған физикалық әдістер
Күйзеліс факторларының әсері адреналиннің жасалуын, яғни, гормонды, тамырдың соғуын, тыныс алуды күшейтеді, қан қысымын арттырады. Ағзада адреналиннің тез бөлінуі нәтижесінде «күресу немесе жүгіру» реакциясы пайда болады. Асқазан, арқа ауруы, бас сақинасы сияқты жанама көріністер мазалап, тітіркенгіштік артып, шаршау күшейеді. Созылмалы күйзеліс бірнеше күнге, аптаға, айға созылуы мүмкін және денсаулыққа байланыспен бірқатар жағымсыз салдарларға әкеледі. Қысым көтеріліп, инсульттар мен жүрек талмасы қаупі артады.
Күйзелісті азайту, ағзаны қолдау және жүрекке төнетін қауіпті азайту үшін дәрігерлер физикалық белсенділікке, медитацияға, йогаға, тыныс алу жаттығуларына назар аударуды ұсынады. Шамадан тыс жүктемесі жоқ кез-келген спорт түрі пайдалы. Тіпті үйдегі таңертеңгі немесе кешкі гимнастика, көшеде жүгіру денсаулыққа оңтайлы әсер етеді. Жаттығуға деген ұмтылыс, уақыт, мүмкіндік жоқ па? Ашық ауада жүруді әдетке айналдырыңыз. Таңертең немесе ұйықтар алдында 30 минут ынсапты қарқынмен жүру арқылы сіз күйзеліс деңгейін төмендетесіз, иммунитетіңізді күшейтесіз, көңіл-күйіңізді жақсартасыз.
Медитация тәжірибелері жақсы көмектеседі. Олар зейінді арттыруды көздейді, дәл осы жерде және осы сәтте болуға мүмкіндік береді. Ең бастысы – медитация тыныштандырады, қарбалыс пен мазасыздық деңгейін төмендетеді, зейінді арттырады. Өз кезегінде, зейін бар жерде күйзелісті қабылдай білу қабілеті де басқаша болады. Йога, саналы тыныс алу ұқсас нәтиже береді. Сіз бірден осы айтылғандардың барлығымен немесе олардың біреуімен ғана шұғылдана аласыз.
Ұйқы міндетті түрде қанық болуы тиіс – жақсы тыныққан ағза шаршаған ағзаға қарағанда болжамды сілкіністерге әлдеқайда төзімді болып келеді. Әр күннен қуаныш іздеуді ұмытпаңыз, өз сүйікті ісіңізді, өзіңізге ұнайтын кәсіпті табыңыз. Әрқашан дұрыс тамақтануға тырысыңыз – күнделікті рационға көп нәрсе байланысты болады.
Психологиялық қолдау әдістері
Позитивтік көңіл-күй – мың ауруға ем. Ең бастысы, ол алдамшы емес, жүректің түбінен тоқып шығуы тиіс. Жасандылық, мойындамау, эмоцияны басып тастау әдеті кері әсер етеді. Сіз бүгін не істей аласыз – бәріне алғыс айтудан бастау керек, әр сәттен позитив іздеу керек.
Өз-өзіңізбен позитивті қарым-қатынаста болыңыз. Өзін-өзі сынаудан, қорлайтын сөздерден бас тартыңыз. Сырттан мейірім іздеудің қажеті жоқ – оны өз ішіңізден табыңыз, сонда көп нәрсе өзгереді. Өз-өзіне деген сүйіспеншілік, сыйластық, ұқыптылық – физикалық, эмоционалдық, психикалық денсаулықтың кепілі.
Әр адамға әлеуметтік қолдау маңызды. Егер сіздің бар болмысыңызды қабылдайтын жақындарыңыз, адал достарыңыз болса, өте жақсы. Ал, жоқ болса, сіз өзіңізді түсінетін, қабылдайтын пікірлес адамдарды іздегеніңіз жөн. Қиындықтарды өз бетімен жеңу мүмкін емес пе? Психологиялық әдістерге жүгінген жөн. Мысалы, когнитивті мінез-құлық терапиясы күйзеліс деңгейін төмендетуге, зейінді арттыруға көмектеседі. Маманмен жұмыс істеген кезде сіз ішкі жан жараларыңызбен жұмыс істейсіз, реніштерден, басқа жағымсыз және деструктивті эмоциялардан арыласыз, өмірге жаңа көзқараспен қарауды үйренесіз. Бұл күйзелістің және оның жүрек денсаулығына теріс әсерінің тиімді алдын алу әдісі.
Басқа ұсыныстар
Көптеген жағымсыз эмоциялар, созылмалы күйзелістер барлық органдар мен жүйелердің жұмысында өзгерістер тудырады. Симпатикалық жүйке жүйесінің тонусы жоғарылайды, кортизол өндірісі күшейеді. Нәтижесі – жоғары қысым, семіздік, қан тамырларының зақымдалуы.
Өмір салтын өзгертуден бастау керек. Рационыңызды қайта қарап шығыңыз, одан барлық «бос» жоғары калориялы тағамдарды алып тастаңыз. Ұйқы мен сергектік режимін белгілеңіз, ұйқыңызды қандырып тұрыңыз. Физикалық белсенділік жеткілікті деңгейге міндетті болып табылады – бұл сіздің талғамыңызға сай спорт түрі немесе ұдайы серуендеу, үйде гимнастика жасау түрінде болуы мүмкін. Егер жүрекпен, ОЖЖ-пен күрделі проблемалар туындаса, дәрі-дәрмек тағайындату үшін дәрігерге қаралыңыз. Маман сіздің жасыңызды, денсаулығыңыздың жағдайын, шағымдарыңызды ескере отырып, тамырға, жүрекке арналған тыныштандырғыш дәрі-дәрмектерді ұсынады. Күйзеліспен күресудің табиғи әдісін іздеп жүрсіз бе? «Персен» препаратына назар аударыңыз. Ұсынылған курс–кем дегенде 14 күн. Құрал ересектер мен 12 жастан асқан балаларға лайық.